«Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молайту мен пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 835 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 721 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
1. «Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молайту мен пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 835 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 721 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12779 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 141-бабының 3-тармағына, 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған: 1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары; 2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес табиғи ресурстарды пайдалануды және (немесе) қоршаған ортаға эмиссияны жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғаларға қатысты қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молайту және пайдалану саласындағы тексеру парағы; 3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензияланатын қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру парағы.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|