«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 16 наурыздағы № 124 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 16 наурыздағы № 124 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10506 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2015 жылғы 25 маусымдағы № 118 (28596) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 8-6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру қағидаларында: 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Атақ бір адамға келесі он жыл ішінде бір реттен артық берілмейді.»; 6, 7, 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «6. Конкурс жыл сайын екі кезеңде 1-қосымшаға сәйкес «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беруге үміткердің жұмысын бағалаудың сапалық және сандық көрсеткіштеріне» сәйкес өткізіледі: 1) I кезең - ЖОО-ның ішінде, ол ағымдағы жылғы қазанда өткізіледі. Конкурсты ЖОО-ның ішінде өткізу тәртібін ЖОО дербес айқындайды. ЖОО-ның ішкі конкурсы нәтижелері бойынша 50 штаттық оқытушыға 1 үміткерден аспайтын есеппен ғылыми кеңестің шешімімен Конкурстың II кезеңіне қатысуға ұсынылатын ЖОО-ның үздік оқытушылары айқындалады. Оқытушылардың штаттық саны 50 адамға жетпейтін ЖОО-да 1 үміткер айқындалады. Бұл ретте ғылыми-педагогикалық өтілі 15 жылдан аспайтын оқытушылардың еңбек өтілі 15 жылдан асатын оқытушыларға қатынасы ұсынылған үміткерлердің жалпы санының үштен бірінен кем болмауы керек. 2) II кезең - республикалық, ол ағымдағы жылғы желтоқсанда өткізіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|