Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 1) «Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 3 мамырдағы № 125 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18639 болып тіркелген): көрсетілген бұйрықпен бекітілген Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидаларында: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.»; 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталдары арқылы (бұдан әрі – Портал) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысанда прокаттау куәлігін алу үшін өтінішпен (бұдан әрі – өтініш) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес «Фильмге прокаттау куәлігін беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында (бұдан әрі – Тізбесі) көрсетілген құжаттарды ұсынады. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар Тізбеде мазмұндалған. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|