«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде: 1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «1) мынадай салаларда мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді: астықты өндіруді және оларды жүзеге асыруды ұйымдастыруды мемлекеттік қолдау; агроөнеркәсіптік кешен саласындағы техникалық саясат; 2) мынадай салаларда халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады: өсімдіктер карантині; өсімдіктерді қорғау; селекция және тұқым шаруашылығы; ветеринария; балара шаруашылығы; жайылымдарды пайдалану және қорғау;»; мынадай мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын: «2-1) Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен өсімдіктер карантині саласындағы өзара қарым-қатынасын дамытуды қамтамасыз етеді; 2-2) агроөнеркәсіптік кешен және ауылдық аумақтар саласындағы халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастырады;»; 3) тармақша алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 3-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын: «3-1) агроөнеркәсіптік кешенді ғылыми қамтамасыз ету және кадрлар даярлау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады, оның ішінде ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарын, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-эксперименттік ұйымдарды дамыту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады; 3-2) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;»; 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «4) мынадай салаларда мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады: жайылымдарды басқару, суландыру, пайдалану және оларды жүзеге асыруды ұйымдастырады; машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі; агроөнеркәсіптік кешенді дамыту; тұқым шаруашылығы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|