Осы редакция 2019 жылғы 15 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығына 2-қосымша
«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (2018.21.12. берілген өзгерістермен)
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2018.21.12. № 898 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2017.22.06. № 376 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2016.20.01. № 20 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2018.21.12. № 898 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру: 1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация); 2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|