Осы редакция 2019 жылғы 18 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019.09.07. № 265 Қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 139 қаулысымен бекітілген
«Жобалау қызметіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (2019.09.07. берілген өзгерістермен)
1. «Жобалау қызметіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін «Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет - құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Қызмет беруші) көрсетеді. Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер қабылдау және нәтижесін беру: 1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады. 2) «Электрондық үкіметтің www.egov.kz веб-порталы» немесе «Е-лицензиялау www.elicense.kz веб-порталы» (бұдан әрі- Портал) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 3. Жобалау қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 276 «Жобалау қызметіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі - Стандарт) бекіту туралы бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 22 мамырдағы №11133 тіркелген) бекітілген 10-тармағында қаралған жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық түрде беріледі. Қызметті алушы Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|