Осы редакция 2018 жылғы 25 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 шілдедегі № 158 қаулысымен бекітілген
«Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
Жамбыл облысы әкімдігінің 2016.27.01. № 25 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); Жамбыл облысы әкімдігінің 2017.26.10. № 231 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12805 болып тіркелген) (бұдан әрі - стандарт) сәйкес облыстық аудандары және Тараз қаласының жергілікті атқарушы органдары және кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері (бұдан әрі - ауылдық округ әкімі) көрсетеді. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру: 1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - халыққа қызмет көрсету орталығы); 2) көрсетілетін қызметті беруші; 3) кент, ауыл, ауылдық округтің әкімі; 4) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. Жамбыл облысы әкімдігінің 2016.27.01. № 25 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|