Осы редакция 2016 жылғы 20 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 355 бұйрығына 9-қосымша
«Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі -мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндеттерін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйрығымен бекітілген ««Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі стандартына (2015 жылғы 15 мамырда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 11050 болып тіркелді) (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен, оның филиалдарымен және аудандық бөлімшелерімен (бұдан әрі - қызмет беруші) жергілікті жерде көрсетіледі. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру: 1) қызмет көрсетушінің кеңсесі (құжаттарды қабылдау және беру бөлімі); 2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚКО) арқылы жүзеге асырылады. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау актісін (бұдан әрі - кадастрлық құнның актісі) беру болып табылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде қызмет көрсетушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) әрекет ету тәртібінің сипаты
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|