«Электрондық сауда алаңдары арқылы сұйытылған мұнай газы сауда-саттығын ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 6 желтоқсандағы № 481 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 420 бұйрығы
ҚР Энергетика министрінің 2022 жылғы 7 маусымдағы № 202 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Электрондық сауда алаңдары арқылы сұйытылған мұнай газы сауда-саттығын ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 6 желтоқсандағы № 481 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17897 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 18-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электрондық сауда алаңдары арқылы сұйытылған мұнай газы сауда-саттығын ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларында: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Электрондық сауда алаңдары арқылы сұйытылған мұнай газы сауда-саттығын ұйымдастыру мен жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 18-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және электрондық сауда алаңдары арқылы сұйытылған мұнай газы сауда-саттығын ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін белгілейді.»; 15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «15. Сауда-саттықты ұйымдастырушының басқарушы комитеті мыналарды: 1) сауда күндері мен негізгі сауда сессияларын өткізу графигін және кезеңділігін; 2) сауда құралдарын; 3) электрондық сауда-саттыққа қатысу үшін кепілді қамтамасыз ету мөлшерлерін; 4) сатуға және сатып алуға өтінімдердің ең көп мөлшерін; 5) ай сайын сұйытылған мұнай газы базалық бағасының максималды мәнін бекітеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|