Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 22 қарашадағы № 110/604 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлау бойынша сайлау округтерін құру тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 22 қарашадағы № 110/604 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін: қосымша осы қаулыға қосымшаға сай жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. 3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 27 желтоқсандағы № 135/636 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлау бойынша 1. Осы тәртіп «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (бұдан әрі - Конституциялық заң) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын (бұдан әрі - Мәжіліс және мәслихаттар депутаттарын) сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құруды жүзеге асыру тәртібін айқындайды. 2. Мәжіліс және мәслихаттар депутаттарын сайлау кезінде аумақтық сайлау округтерінің жүйесі құрылады және пайдаланылады. 3. Пропорционалды өкілдік жүйесі бойынша партиялық тізімдер негізінде сайланатын Мәжіліс депутаттарын сайлау кезінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағы біртұтас жалпыұлттық сайлау округі болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|