Осы редакция 2019 жылғы 13 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығына 1-қосымша
Халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты (бұдан әрі - стандарт) «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді. 2. Осы стандарт стационарлық жағдайда тәулік бойы тұрақты немесе уақытша тұруға арналған, мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік нысанында стационарлық үлгідегі ұйымдарда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің көлемін және шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптарды белгілейді, медициналық-әлеуметтік ұйымдар (бұдан әрі - МӘҰ) қызметінің тәртібін, медициналық-әлеуметтік ұйымдарға: 1) психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларды (бұдан әрі - балалар); 2) тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларды (бұдан әрі - ТҚА бұзылған балалар); 3) психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектерді (бұдан әрі - он сегіз жастан асқан адамдар); 4) бірінші және екінші топтағы мүгедектерді (бұдан әрі - мүгедектер); 5) егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдарға (бұдан әрі - қарттар) МӘҰ қабылдау, ұстау, шығару (шығарып жіберу), уақытша шығу және ауыстыру шарттарын айқындайды. Жоғарыда аталған санаттар бірлесіп қызмет алушылар болып аталады. 3. Стационар жағдайында қызмет алушылардың тәулік бойы тұрақты немесе уақытша (үш айға дейінгі мерзімге) тұруына арналған медициналық-әлеуметтік мекемелер (ұйымдар) стационарлық үлгідегі ұйымдар (бұдан әрі - стационарлық үлгідегі ұйымдар) болып танылады. 4. Осы стандартты меншік нысанына қарамастан стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін барлық субъектілер сақтайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|