Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы (2021.31.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2022 жылғы 2 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың, Субсидиялау шартының, Исламдық қаржыландыру бойынша субсидиялау шартының, Облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау шартының, Кепілдік шартының, Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға грант беру туралы шарттың үлгілік нысандарын бекіту туралы» ҚР Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 29 қаңтардағы № 5 бұйрығын қараңыз
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 94-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Үкіметінің 2020.30.07. № 491 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған: 1) «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары; 2) «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ислам банктері кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырған кезде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасының бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары; 3) «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары; 4) «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша кепілдіктер беру қағидалары; 5) «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру қағидалары; 6) «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым жүргізу қағидалары бекітілсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|