«Шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалардың үлгілік жарғыларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 106 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалардың үлгілік жарғыларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 106 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 10563 болып тіркелген, 2016 жылғы 12 наурызда «Егемен Қазақстан» газетінде №47 (28775) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Акционерлік қоғамның үлгілік жарғысында: 1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «1-тарау. Жалпы ереже»; 2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «2-тарау. Қоғамның атқарушы органының атауы мен оның тұрғылықты жері»; 3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «3-тарау. Қоғам акционерлерінің құқықтары мен міндеттері»; мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: «1-1) қоғамның дауыс беретін акцияларының бес және одан да көп пайызын дербес немесе басқа акционерлермен жиынтықта иеленген кезде, Заңға сәйкес директорлар кеңесіне акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіне қосымша мәселелерді енгізуге;»; 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «4) орталық депозитарийден немесе номиналды ұстаушыдан оның бағалы қағаздарға меншiк құқығын растайтын үзiндi көшiрмелер алуға;»; мынадай мазмұндағы 10-1-тармақшамен толықтырылсын: «10-1. Қоғамның дауыс беретін акцияларының бес және одан көп пайызын дербес немесе басқа акционерлермен жиынтықта иеленетін акционерлер қоғамның директорлар кеңесінің және (немесе) атқарушы органының жекелеген мүшесінің жыл қорытындысы бойынша сыйақысының мөлшері туралы ақпаратты бір мезгілде мынадай жағдайлар болған кезде: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|