Осы редакция 2016 жылғы 29 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 27 шілдедегі № 95 бұйрығына 3-қосымша
«Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты «Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін қараңыз
1. Жалпы ережелер
1. «Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы; 2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚО) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 1) құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап: көрсетілетін қызметті берушіге - 1 жұмыс күні; Астана қаласында орналасқан ХҚО - 3 (үш) жұмыс күні; өзге ХҚО - күнтізбелік 30 (отыз) күн; 2) құжаттар топтамасын тапсыратын және құжаттарды алған кезде кезекте күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут; 3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут. Құжаттарды тапсырған күн мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді. Көрсетілетін қызметті беруші мен ХҚО-ы арасында өзара әрекеттесу курьер немесе пошта байланысы арқылы жүзеге асырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|