Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 3 қыркүйектегі № 606 қаулысымен мақұлданған
Жоба
Цифрлық трансформация, цифрландырудың платформалық моделіне және «Data-Driven Government» тұжырымдамасына көшу жөніндегі жобаларды іске асыру саласындағы ынтымақтастық туралы МЕМОРАНДУМ (Владивосток қ. 2021 жылғы 3 қыркүйек)
Қазақстан Республикасының Үкіметі және «Сбербанк России» жария акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «СБЕР компаниялар тобы» немесе «Сбербанк» ЖАҚ), бірлесіп «Тараптар» немесе жеке-жеке «Тарап» деп аталады, мыналарды: - Қазақстан Республикасының Үкіметі цифрлық трансформацияға және цифрландырудың платформалық моделіне көшуге мүдделі екенін, - цифрлық платформалық шешімдерді құруға арналған технологиялары, тәжірибесі мен құралдары бар СБЕР компаниялар тобы стратегиялық әріптес ретінде қазақстандық бағдарламалық қамтылымды әзірлеуші - «BTS Digital» ЖШС-ны (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 40 % үлесі бар ERG тобының еншілес компаниясы, бұдан әрі - «СБЕР компаниялар тобының стратегиялық әріптесі») анықтағанын назарға ала отырып, жалпыға бірдей қабылданған практикаға сүйеніп, теңдік, ізгі ниет, құрмет пен сенім негізінде әрекет ете отырып, СБЕР компаниялар тобының стратегиялық әріптесінің және «Астана» халықаралық қаржы орталығының Қазақстан Республикасына тиесілі бейінді ұйымдары мен Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қатысуымен жобаны іске асыру үшін арнайы консорциум (бұдан әрі - «Консорциум») құру туралы шешімді келісіп: - адамға бағдарланған сервистерді іске асыру үшін цифрлық платформалық шешімдерді енгізу; - деректерді талдау және жасанды интеллект бойынша практикаларды қолдана отырып, мемлекеттік басқарудың реинжинирингі және цифрлық трансформациялау; - қолайлы және қауіпсіз цифрлық ортаны қалыптастыру, азаматтардың әл-ауқатын арттыру; - экономикалық өсуге және инновациялық белсенділікті дамытуға жәрдемдесу мақсатында. Төмендегілер туралы түсінікке келді: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|