Осы редакция 2020 жылғы 21 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2015 жылғы 31 шілдедегі № 647 бұйрығына 4-қосымша
Фармацевтикалық мамандықтар бойынша магистратураның мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Осы фармацевтикалық мамандықтар бойынша магистратураның мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бұдан әрі - Стандарт) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектің Кодексінің 175-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және магистратураның білім беру бағдарламаларының мазмұнына, магистранттардың білім траекториясына, білім беру құрылымы мен мазмұнына, магистранттардың даярлық деңгейін және 6M11 «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина)» мамандықтары бойынша академиялық дәрежелерін бағалауға қойылатын талаптарды белгілейді. Осы стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады: 11) дескрипторлар (descriptors) - студенттердің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің тиісті деңгейінің (сатысының) білім беру бағдарламаларын аяқтаған соң ие болатын білім, білік, дағды және құзыретінің деңгейлері мен көлемінің сипаттамасы, дескрипторлар оқыту нәтижелеріне, қалыптасқан құзыреттерге, сондай-ақ кредиттерінің жалпы санына (сынақ бірліктеріне) негізделеді; 12) кредит (Credit, Credit-hour) - білім алушының/оқытушының оқу жұмысы көлемін өлшейтін сәйкестендірілген бірлігі; 13) құзыреттер - студенттердің оқыту процесі кезінде алған білім, шеберлік және дағдысын кәсіптік қызметте практикалық тұрғыдан қолдана білу қабілеті; 14) магистратура - тиісті мамандығы бойынша «магистр» академиялық дәрежесі беріле отырып, ғылыми және педагог кадрлар даярлауға бағытталған, жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік білім беретін оқу бағдарламасы; 15) магистрант - магистратурада білім алаушы адам; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|