|
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарды айқындау туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 18 ақпандағы № 102 бұйрығы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 37-бабынның 1-тармағының 1), 2)-тармақшаларына сәйкес, «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағын басшылыққа ала отырып БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің (бұдан әрі - Комитет) төрағасы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары болып айқындалсын. 2. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың (көліктегі) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерін және олардың орынбасарларын айқындасын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|