Осы редакция 2016 жылғы 23 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 тамыздағы № 880 бұйрығына 1-қосымша
«Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің өтінішін қабылдау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) www.elicense.kz, www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат, өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификаттың телнұсқасы. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
2. Көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің
4. Мемлекеттік қызметті көрсету рәсімін (іс-қимылын) бастау үшін негіз көрсетілетін қызметті берушінің Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 26 маусымдағы № 730 бұйрығымен бекітілген «Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген өтініш және қосымша құжаттарды (бұдан әрі - құжат) ұсынуы болып табылады (Нормативтік құқықтық актілерін тіркеу тізілімінде № 11764 тіркелген). Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|