Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 18 тамыздағы № 216 «Геология саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 30 шілдедегі № 178 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңдарына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 18 тамыздағы № 216 «Геология саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4048 тіркелген, 2015 жылы 1 қазанда «Орал өңірі» газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) 1-тармақта: 5) және 6) тармақшалары алынып тасталсын; 2) көрсетілген қаулымен бекітілген «Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде: 1-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Х.Чурин көшесі, 116 үй мекенжайы бойынша орналасқан «Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 501 «Геология және су ресурстарын пайдалану саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекiту туралы» (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 26 маусымда № 11452 тіркелді) бұйрығымен бекітілген «Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетіледі.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|