Осы редакция 2016 жылғы 22 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 556 бұйрығына 4-қосымша
«Шағын көлемді кеменiң ипотекасын мемлекеттік тіркеу және шағын көлемді кеме ипотекасының мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттың телнұсқасын беру»
1. «Шағын көлемді кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу және шағын көлемді кеме ипотекасының мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттың телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Көлiк комитетiнiң аумақтық органдары (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру: 1) Министрлiктің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрi - ХҚО); 2) www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі: 1) көрсетілетін қызметті алушы ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезден: шағын көлемді кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беру - 7 (жеті) жұмыс күні; шағын көлемді кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беру - 2 (екі) жұмыс күні; 2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 (жиырма) минут. ХҚО жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|