«Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасын сақтауды тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 749 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 827 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫЗ: 1. «Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасын сақтауды тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 749 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 827 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13023 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасының сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы»; кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 141-бабының 5-тармағына, 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:»; 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: 1. Мыналар: 1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасының сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары; 2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Магистральдық мұнай өнімдері құбырының меншік иесіне немесе магистральдық мұнай өнімдері құбырына өзге де заңды негізде иелік ететін заңды тұлғаға не олар уәкілеттік берген операторлық қызметтерін көрсететін ұйымға, ұлттық операторға қатысты Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасының сақталуын тексеру парағы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|