Осы редакция 2018 жылғы 19 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Әділет министрінің 2016.25.02. № 98 бұйрығымен регламент жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2015 жылғы 28 мамырдағы № 300 бұйрығына 3-қосымша
«Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (2017.12.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 246 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11408 болып тіркелген) «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. 2. Көрсетілетін қызмет нысаны - электрондық (толық автоматтандырылған) (Стандарттың 5-тармағы). 3. Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама мемлекеттік қызметті көрсетудің аяқталу нәтижесі болып табылады (Стандарттың 6-тармағы).
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) әрекеттері тәртібінің сипаттамасы
4. Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес құқықтық кадастрден жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу туралы ақпаратты алуға сұрау салу (бұдан әрі - сұрау салу) мемлекеттік қызмет көрсету бойынша көрсетілетін қызметті берушінің рәсімдерді (әрекеттерді) бастауы үшін негіз болып табылады. 5. Көрсетілетін қызметті алушы сұрау салуды «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) береді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|