Алматы облысы әкімдігінің 2019 жылғы 13 қыркүйектегі № 393 қаулысымен бекітілген 1-қосымша
Алматы облысы әкімдігінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 35 Қаулысымен күші жойылды
«Іздестіру қызметіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Іздестіру қызметіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) ақылы көрсетіледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет 2015 жылғы 27 наурыздағы № 276 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11133 тіркелген) бекітілген «Іздестіру қызметіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетіледі. Өтініштер қабылдауды және мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижелерін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған). 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: іздестіру қызметіне лицензия беру, лицензияны және қайта ресімдеу, не Стандарттың 10 тармағында көзделген жағдайлар және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|