Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастырумен (жылыстатумен) және терроризмді қаржыландырумен байланысты арнайы есепке алуды жүргізу туралы
Осы редакция 2017 жылғы 26 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Заңы 12-бабының 3-тармағы 16), 17), 18) тармақшаларын іске асыру мақсатында, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңы 11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет): 1) қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастырғаны (жылыстатқаны) және терроризмді қаржыландырғаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдар туралы мәліметтерді Комитеттің аумақтық басқармалары мәліметтерінің негізінде тоқсан сайын есептік кезеңнен кейінгі айдың 17-күніне қалыптастырсын; 2) қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастырумен (жылыстатумен) және терроризмді қаржыландырумен байланысты тәркіленген мүліктің сомасы туралы мәліметтерді Комитеттің аумақтық басқармалары мәліметтерінің негізінде тоқсан сайын есептік кезеңнен кейінгі айдың 17-күніне қалыптастырсын; 3) қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастырумен (жылыстатумен) және терроризмді қаржыландырумен байланысты өзара құқықтық көмек көрсету және басқа халықаралық сұраулар туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Халықаралық ынтымақтастық департаменті (бұдан әрі - ҚР БП 8-Департаменті) және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (бұдан әрі - ҚР ҚМ ҚМК) мәліметтерінің негізінде тоқсан сайын есептік кезеңнен кейінгі айдың 12-күніне қалыптастырсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|