|
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Суринам Республикасының Үкіметі
ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 25 қарашадағы № 1000 Қаулысымен бекітілді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Суринам Республикасының Үкіметі Тараптар мемлекеттері арасындағы достық қарым-қатынасқа жәрдемдесуді қалай отырып, өз мемлекеттері азаматтарының Тараптар мемлекеттерінің аумағына кіруін жеңілдету мақсатында төмендегілер туралы келісті:
1. Тараптардың бірінің мемлекетінің азаматтары - жарамды дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелері алғаш кірген сәттен бастап әрбір 180 (жүз сексен) күндік кезең ішінде күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аспайтын кезеңге екінші Тарап мемлекетінің аумағына келу, кету, транзитпен өту, уақытша болу үшін визалық талаптардан босатылады. 2. Екінші Тарап мемлекетінің аумағында осы баптың 1-тармағында көзделген ең ұзақ кезеңнен ұзағырақ қалғысы келетін Тараптардың бірінің мемлекетінің азаматтары - дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелері осы екінші Тарап мемлекетінің заңнамасына сәйкес талап етілетін тиісті визаны алуға тиіс. 3. Форс-мажорлық мән-жәйлар салдарынан осы баптың 1-тармағында көрсетілген мерзім ішінде екінші Тарап мемлекетінің аумағынан кетуге мүмкіндігі жоқ Тараптардың бірінің мемлекетінің азаматтары - дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелері өздерінің болу мерзімін болу мемлекетінің аумағынан шығу үшін қажетті уақыт кезеңіне ұзартуға рұқсат беру үшін осы Тарап мемлекетінің құзыретті органдарына өтінішпен жүгінуге тиіс. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|