ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Өлім жазасының күшін жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге Екінші Факультативтік Хаттаманы ратификациялау туралы
Осы редакция 2021 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1989 жылғы 15 желтоқсанда Нью-Йоркте жасалған Өлім жазасының күшін жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге Екінші Факультативтік Хаттама (бұдан әрі - Екінші Факультативтік Хаттама) мынадай ескертпемен ратификациялансын: «Қазақстан Республикасы Екінші Факультативтік Хаттаманың 2-бабына сәйкес соғыс уақытында жасалған әскери сипаттағы аса ауыр қылмыстар үшін кінәлі деп танылғаннан кейін соғыс уақытында өлім жазасын қолдану құқығын өзіне қалдырады.».
Қазақстан Республикасының Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 2 қаңтар № 404-VІ
|