Резидентура бағдарламасы бойынша оқыту туралы үлгілік шарттың нысанын бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 222-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес резидентура бағдарламасы бойынша оқыту туралы үлгілік шарттың нысаны бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі А.Ғиниятқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 3 қарашадағы № ҚР ДСМ-178/2020 бұйрыққа қосымша
нысан
Резидентура бағдарламасы бойынша оқыту туралы үлгілік шарт
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (ұлттық және (немесе) ғылыми орталықтар, ғылыми-зерттеу институттары) үшін резидентура бағдарламасы бойынша оқыту туралы үлгілік шарт) қала (аудан, ауыл) ____________________ «___»_________20____ жыл ____________________________________________________________________, (жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі «білім беру ұйымының атауы»), Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|