Осы редакция 2018 жылғы 17 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 19 қазандағы № А-10/471 қаулысымен бекітілді
«Мүгедектерге кресло-арбалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Мүгедектерге кресло-арбалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсетудің өтінішін қабылдау және нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде. 3. Мүгедектерге кресло-арбаларды беру мерзімдерін көрсете отырып, құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі болып табылады (бұдан әрі - хабарлама). Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны - қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Көрсетілетін қызметті алушымен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген «Мүгедектерге кресло-арбалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсыну мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны әрбір құрылымдық бөлімшелердің тұрғысында орындаудың ұзақтығы: 1) кеңсенің қызметкері құжаттар түскен сәттен бастап оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады - 30 минут; 2) басшы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны белгілейді - 2 сағат; 3) жауапты орындаушы: құжаттардың толықтығын тексеруді жүзеге асырады - 1 сағат; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|