«Мәдениет саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 146 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 25 маусымдағы № 188 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 17 қарашадағы Заңының 1-бабы 25-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Мәдениет саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 146 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11238 болып тіркелген, 2015 жылы 24 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: аталған бұйрықпен бекітілген «Тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензия беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының: 3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);»; 4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгiнген кезде: тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензия беру (бұдан әрi - лицензия) - 15 (он бес) жұмыс күнi; қайта ресiмделген лицензияны беру - 3 (үш) жұмыс күнi. Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған күн мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|