Жамбыл облысының әкімдігінің 2019 жылғы 22 тамыздағы № 175 Қаулысымен күші жойылды Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 18 сәуірдегі № 131 қаулысымен бекітілген
«Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11304 болып тіркелген) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - стандарт) сәйкес Жамбыл облысының денсаулық сақтау ұйымдарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру: 1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация); 2) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: Мемлекеттік корпорацияда - диспансерлік есепте тұрғаны/тұрмағаны туралы анықтаманы беру; денсаулық сақтау ұйымдарында -нарколог-дәрігерімен диспансерлік есепте тұрғаны/тұрмағаны туралы анықтаманы беру. Нарколог-дәрігер мен медициналық тіркеуші қол қойған және анықтаманы берген дәрігердің және көрсетілетін көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен расталған, стандарттың 2-қосымшасына сәйкес «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсетуді тіркеу журналында анықтаманы тіркей отырып, стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша анықтама беріледі. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|