«Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 142 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 142 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы»; 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.»; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі туралы ережеде: 14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «14. Министрліктің миссиясы: бірыңғай ақпараттық кеңістікті дамыту және оның тұрақты жұмыс істеуі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сындарлы мемлекеттік-конфессиялық қарым-қатынасты қалыптастыру, тұрақтылықты нығайту, мемлекет пен қоғамдық даму институттары әріптестігінің тиімді жүйесін дамыту, мемлекеттік жастар және отбасы саясатын құру және тиімді іске асыру, қоғамдық сананы жаңғырту саласындағы мемлекеттік саясатты ілгерілету.»; 15-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) ақпарат, ақпаратқа қол жеткізу, балаларды олардың денсаулығына және дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау, діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;»; 16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «16. Функциялары: орталық аппараттың функциялары: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|