Осы редакция 2019 жылғы 4 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қостанай облысы әкімдігінің 2017.12.09. № 440 Қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентімен толықтырылды 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 549 қаулысына 3-қосымша
«Қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім өндіру үшін оны сатып алуға арналған шығындарын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім өндіру үшін оны сатып алуға арналған шығындарын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органы («Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтінішті қабылдау және мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 3-2/378 «Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11284 болып тіркелді) «Қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім өндіру үшін оны сатып алуға арналған шығындарын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша субсидиялар алуға арналған өтінімді қарастыру нәтижелері туралы хабарлама не көрсетілетін қызметті берушінің Стандарттың 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша бас тарту туралы дәлелді жауабы болып табылады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|