«Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 495 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 156 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 495 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11578 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 24 шілдесінде ресми жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: бұйрықтың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.»; көрсетілген бұйрықтың «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына» 1-қосымшада: 11-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Шағымның қабылданғанын растау шағымды қабылдаған адамның тегін және аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінде немесе ХҚКО-да оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады.»; 14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «14. Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайлары интернет-ресурстарда: Министрлік: mid.gov.kz; ХҚКО: www.con.gov.kz; көрсетілетін қызметті берушінің: көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған»; көрсетілген бұйрықтың «Туристік, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына» 2-қосымшада: атауы мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|