«Бiлiм туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың бланкiлерiне тапсырыс берудi ұйымдастыру, оларды сақтау, есепке алу мен беру және олармен негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарын, ведомстволық бағынысты бiлiм беру ұйымдарын қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 519 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Бiлiм туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың бланкiлерiне тапсырыс берудi ұйымдастыру, оларды сақтау, есепке алу мен беру және олармен негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарын, ведомстволық бағынысты бiлiм беру ұйымдарын қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 519 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 10079 болып тіркелген, 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 183 (28661) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: Бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын: «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 22) тармақшасын және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабының 3 тармағының 2) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|