|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Біріккен Ұлттар Ұйымының медиация нәтижесінде қол жеткізілген халықаралық татуласу келісімдері туралы конвенциясын ратификациялау туралы
2019 жылғы 7 тамызда Сингапурда жасалған Біріккен Ұлттар Ұйымының медиация нәтижесінде қол жеткізілген халықаралық татуласу келісімдері туралы конвенциясы (бұдан әрі – Конвенция) мынадай ескертпелермен ратификациялансын: 1) Конвенцияның 8-бабы 1-тармағының а) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Конвенцияны өзі тарапы болып табылатын немесе кез келген үкіметтік мекемелер немесе үкіметтік мекеменің атынан әрекет ететін кез келген тұлға тарапы болып табылатын татуласу келісімдеріне қолданбайды; 2) Конвенцияның 8-бабы 1-тармағының b) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Конвенцияны татуласу келісімінің тараптары Конвенцияны қолдануға келіскен дәрежеде ғана қолданады.
Қазақстан Республикасының Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 25 сәуір № 116-VII
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |