|
«Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 178 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 178 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10117 болып тіркелген, 2015 жылғы 19 наурызда «Егемен Қазақстан» газетінде № 52 (28530) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1-тармақта: 8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «8) осы қаулының 8-қосымшасына сәйкес репо, кері репо операциялары туралы есептің нысаны;»; мынадай мазмұндағы 11-2) тармақшамен толықтырылсын: «11-2) осы қаулыға 11-2-қосымшаға сәйкес ипотекалық ұйымдардың баланстық және баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар туралы есептің нысаны;»; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Ипотекалық ұйымдар және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей электрондық форматта осы қаулының 1-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 10), 11) және 11-2) тармақшаларында көзделген есептілікті ұсынады.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|