|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы мәселелері бойынша
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77, 79, 81-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 64-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 19-I, 99, 101-құжаттар; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115, 117-құжаттар; № 21-I, 124, 126-құжаттар; № 22-II, 145-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 53, 56-құжаттар; № 8-ІІ, 72-құжат; № 10, 79-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 4, 7-құжат; 2017 жылғы 19 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер мен жануарлар дүниесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 15 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 119-бапта: 1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Байланыс объектілері үшін белгіленген тәртіппен бекітілген құрылыс нормалары мен қағидалары, байланыс желілерін күзету қағидалары және басқа да нормативтік техникалық құжаттар негізінде байланыс желілерінің күзет аймақтары белгіленуі мүмкін.»; 2-тармақта: бірінші бөліктің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) электр берудің әуе желiлерiнің тіректерін, электр берудің кабельдік желiлерiнiң жер бетiндегi құрылыстарын, кіші станцияларды, тарату құрылғыларын, энергетиканың басқа да құрылыстары мен объектiлерiн орналастыру үшiн бөлiнiп берiлген жер учаскелерi жатады.»; екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және энергетика объектiлерiн пайдалануға жағдай жасау үшiн электр энергетикасы саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекiткен электр желiлерi объектілерінің күзет аймақтарын және жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгiлеу қағидаларына, жылу желiлерi объектілерінің күзет аймақтарын және жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгiлеу қағидаларына сәйкес жерді пайдаланудың ерекше шарттарымен электр және жылу желілерінің күзет аймақтары белгіленеді.»; 2) 121-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы «және электр» деген сөздер «, электр және жылу» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 155-бапта: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Осы баптың 3-тармағының екінші және үшінші бөліктерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, әрбір жер учаскесіне орналасқан жерін анықтау (сәйкестендіру) мақсатында кадастрлық нөмірлер беріледі.»; 3-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: «Электр берудің бір әуе желісінің тіректері алып жатқан есептік орам шекаралары шегіндегі жер учаскелеріне бір кадастрлық нөмір беріле отырып, бір сәйкестендіру құжаты дайындалады және беріледі.». 2. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 17, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 19, 147-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 15-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 57-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 56-құжат; № 8-II, 72-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; 2017 жылғы 19 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер мен жануарлар дүниесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 15 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы): 134-баптың 2-тармағындағы «жабдықтау,» деген сөз «жабдықтау және» деген сөздермен ауыстырылып, «және реттелетін нарықтар» деген сөздер алып тасталсын. 3. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат, 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 11, 52-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 99, 100, 101-құжаттар; № 20-I, 110-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115, 119-құжаттар; № 21-I, 124-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 136, 137-құжаттар; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; № 22-VІІ, 161-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 53, 55, 57-құжаттар; № 8-I, 62-құжат; № 8-II, 66, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; № 10, 23-құжат; 2017 жылғы 19 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер мен жануарлар дүниесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 15 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 84-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын: «13) сот Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес коммуналдық меншікке түскен деп таныған, иесіз деп қабылданған және жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын орган есепке алған электр желілерінің құны.»; 2) 397-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын: «Егер энергия беруші ұйым өз балансына Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес иесіз деп танылған электр желілерін қабылдаса, онда мұндай желілердің құны «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-1-бабының 8-тармағына сәйкес тарифтік сметада мұндай желілер бойынша мүлік салығының сомасы есепке алынғанға дейін объектілердің салық базасына кірмейді.». 4. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-І, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-ІІ, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-І, 166, 169-құжаттар; № 23-ІІ, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-I, 49, 50-құжаттар; № 7-II, 53, 57-құжаттар; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 9, 17, 18, 21, 22-құжаттар; 2017 жылғы 19 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер мен жануарлар дүниесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 15 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) мазмұны мынадай мазмұндағы 301-1 және 301-2-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын: «301-1-бап. Электр және жылу желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беруге қойылатын талаптарды бұзу 301-2-бап. Технологиялық бұзушылықтар туралы ақпаратты беру жөніндегі талаптарды бұзу»; 2) мынадай мазмұндағы 301-1 және 301-2-баптармен толықтырылсын: «301-1-бап. Электр және жылу желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беруге қойылатын талаптарды бұзу 1. Электр және жылу желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру тәртібі мен мерзімдеріне қойылатын талаптарды бұзу - шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Электр және жылу желілеріне қосуға арналған құжаттарды қабылдаудан және (немесе) техникалық шарттарды беруден бас тарту - шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 301-2-бап. Технологиялық бұзушылықтар туралы ақпаратты беру жөніндегі талаптарды бұзу 1. Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың туындаған технологиялық бұзушылықтар туралы ақпаратты уақтылы, анық бермеуі - шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың туындаған технологиялық бұзушылықтар туралы ақпаратты жасыруы - шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»; 3) 305-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Қарамағында электр немесе жылу желілері не газбен жабдықтау жүйелерінің объектілері бар ұйымның келiсiмiнсiз электр және жылу желiлерi жолдарының, газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет аймақтарында құрылыс, монтаждау, жер қазу, тиеу-түсiру жұмыстарын, ұңғымалар мен шурфтардың орнатылуына байланысты iздеу жұмыстарын жүргiзу, алаңдарды, автомобиль көлiгi тұрақтарын жайластыру, базарларды, құрылыстарды, ғимараттарды орналастыру, материалдарды жинап қою, қоршаулар мен дуалдарды соғу, күйдiргiш коррозиялы заттар мен жанар-жағармай материалдарын шығарып тастау және төгу - »; 4) 690-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «1. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органдар осы Кодекстің 144 (бірінші бөлігінде (жылу энергиясын қоспағанда), 172 (барлық қуаттағы қазандықтарды, жылу желілерін және жылу энергиясын қоспағанда), 300 (барлық қуаттағы қазандықтарды, жылу желілерін және жылу энергиясының тұтынушыларын қоспағанда), 301 (барлық қуаттағы қазандықтарды және жылу желілерін қоспағанда), 301-1, 301-2 (барлық қуаттағы қазандықтарды және жылу желілерін қоспағанда), 302, 303 (барлық қуаттағы қазандықтарды және жылу энергиясын қоспағанда), 305 (күзет аймақтарындағы жылу желілерін қоспағанда)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.»; 5) 729-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органы осы Кодекстің 75 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 144 (бірінші бөлігінде көзделген электр энергиясын қоспағанда), 172 (бірінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде (барлық қуаттағы қазандықтар, жылу желілері және жылу энергиясы бөлігінде), 199 (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 202, 204, 250, 300 (барлық қуаттағы қазандықтар, жылу желілері және жылу энергиясын тұтынушылар бөлігінде), 301 (барлық қуаттағы қазандықтар және жылу желілері бөлігінде), 301-2 (барлық қуаттағы қазандықтар және жылу желілері бөлігінде), 303 (барлық қуаттағы қазандықтар және жылу энергиясы бөлігінде), 304, 305 (жылу желілерінің күзет аймақтары бөлігінде), 306 (бірінші және екінші бөліктерінде), 320 (бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 401 (үшінші, төртінші, бесінші, жетінші, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 402 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 404 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 405 (екінші бөлігінде), 408-1, 409 (сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 454 (бiрiншi бөлiгiнде), 455 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 464 (бiрiншi бөлiгiнде), 488-1, 491-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.». 5. «Табиғи монополиялар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 87-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 20, 23-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 112-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 9, 15-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 11, 80-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 64-құжат; № 14, 87-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-І, 100-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 21-ІІ, 131-құжат; № 22-ІІ, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-I, 60-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 17, 22-құжаттар): 1) бүкіл мәтін бойынша «, реттелетін нарық», «және реттелетін нарық», «және реттелетін нарықтар» деген сөздер алып тасталсын; 2) 3-бапта: 8) тармақшаның жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «көлемі жылына жиырма бес миллион кВт. сағатқа дейін электр энергиясын беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді өткізуді жүзеге асыратын табиғи монополия субъектiсi.»; 13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «13) стратегиялық тауарлар - табиғи монополиялар субъектілері жылу энергиясын өндіру үшін отын ретінде пайдаланатын көмір, газ, мазут, дизель отыны, электр энергиясын беру, сумен жабдықтау және (немесе) су бұру салаларындағы табиғи монополиялар субъектiлерi үшiн - электр энергиясы, жылумен жабдықтау саласындағы табиғи монополиялар субъектілері үшін және жылу энергиясын беру және (немесе) тарату саласындағы нормативтік ысыраптар үшін - жылу энергиясы, газды немесе газ конденсатын магистральдық және (немесе) тарату құбыржолдары арқылы тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектілері үшін өз мұқтаждары мен ысыраптары үшін - газ, сумен жабдықтау, жылу энергиясын өндіру салаларындағы табиғи монополиялар субъектілері үшін - сатып алынатын су;»; 3) 4-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) электр энергиясын беру жөнiндегi;»; 4) 5-баптың 1-тармағының 5-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «5-1) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-1-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) өндiрген және (немесе) ұсынған кезде технологиялық циклда пайдаланылатын, меншiк құқығымен немесе өзге де заңды негiзде тиесiлi мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға, лизингтi қоса алғанда, мүлiктiк жалдауға (жалға) беруге;»; 5) 7-баптың 16) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «16) мүлікті мемлекет меншігіне беру, сондай-ақ «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-1-бабының 1-тармағында аталған, электр энергиясын беру жөніндегі қызметті көрсететін табиғи монополия субъектілерінің электр желілерін беру жағдайларын қоспағанда, реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) өндiруге және ұсынуға арналған мүлiктi тендер нысанындағы сауда-саттықта иелiктен шығаруға міндетті.»; 6) 13-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-13) тармақшамен толықтырылсын: «4-13) қызметі «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-1-бабы 6-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін, электр энергиясын беру жөніндегі қызметті көрсететін табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметіне тарифті немесе оның шекті деңгейін бекіту тәртібін айқындайды;»; 7) 14-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 17-3) тармақшамен толықтырылсын: «17-3) электр желілерін балансына және (немесе) сенімгерлік басқаруға қабылдаған жағдайда, сондай-ақ оларды басқа энергия беруші ұйымдардан өтеусіз пайдалануға алған кезде қолданыстағы тарифтік сметаларды бекітілген және қолданыстағы тариф шеңберінде олардың қалған қолдану мерзіміне түзетуге;»; 8) 18-бапта: 3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «3. Төтенше реттеуші шаралар ретінде тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелері) мен тарифтік сметаларды бекітуді және осы баптың 5-тармағында және «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-1-бабының 1 мен 2-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шектi деңгейлерiн және тарифтiк сметаларды бекiту бекітілген шекті тарифтің қолданылуы кезеңінде кемінде бір рет жүргізіледі.»; мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын: «8. Уәкілетті орган мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның электр энергиясын беру жөніндегі қызметті көрсететін табиғи монополия субъектісі қызметінің «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-1-бабы 6-тармағының талаптарына сәйкес келмеуі туралы ақпараты негізінде аталған табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметіне тарифті немесе оның шекті деңгейін инвестициялық (пайданы, амортизациялық аударымдарды, негізгі құралдар құнының өсуіне алып келетін күрделі шығындарды) және өзге де шығындарды алып тастай отырып, өзі айқындайтын тәртіппен күнтізбелік отыз күн ішінде бекітеді.»; 9) 18-4-бапта: 2-1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) электр энергиясын беру саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің шаруашылық мұқтаждарына электр энергиясын, шектес мемлекеттердің энергия жүйелерімен шекарадағы электр энергиясының нақты мемлекетаралық сальдо-ағымының жоспарлыдан ауытқуларына өтем жасау мақсатында электр энергиясын сатып алған;»; 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «9. Осы баптың 2-1-тармағын қоспағанда, осы бапта көзделген талаптар теңгерiмдеушi электр энергиясын, орталықтандырылған сауда-саттықта, спот-нарығында электр энергиясын Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес сатып алуды жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектiлерiне, қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектiлерiне және өңірлік электр желілік компанияларға қолданылмайды.». 6. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 17, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 7, 38-құжат; № 13, 87-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 21-құжат; № 12, 85-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 57-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 21-ІІ, 131-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-II, 70-құжат; № 24, 124-құжат): 1) 1-бапта: 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «1) авариялық бронь - адамдардың өміріне, денсаулығына және қоршаған ортаға олардың қауіпсіз жай-күйін, сондай-ақ кезекші және күзет жарығы, күзет және өрт дабылдары, өрт сөндіру сорғылары, сутөкпелер, негізгі технологиялық жабдықты салқындату, байланыс және авариялық желдеткіш жүйелері ток қабылдағыштарының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін технологиялық процесі толық тоқтатылған тұтынушы объектілерінің электр энергиясының ең аз шығысы (ең аз тұтыну қуаты);»; мынадай мазмұндағы 2-4) тармақшамен толықтырылсын: «2-4) диспетчерлік технологиялық басқару - диспетчер жүзеге асыратын және диспетчерлік және технологиялық басқарудың автоматтандырылған жүйелері арқылы электр желілерінің жұмыс істеу режимдерін бақылау және басқару міндеттерін шешуге, сондай-ақ істен шығулар мен зақымдануларға ден қою және оларды жою шараларын қолдануды қажет ететін технологиялық бұзушылықтардың туындау алғышарттары немесе туындауы туралы жеке және заңды тұлғалардың хабарламаларын қабылдауға және өндеуге арналған процесс;»; 9), 10), 22) және 24-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «9) жылу энергиясын беру - энергия беруші ұйымдар жасалған шарттарға сәйкес жылу желілері арқылы жылу энергиясын және (немесе) жылу жеткізгішті тасымалдау жөнінде көрсететін қызмет; 10) жылу энергиясының бөлшек сауда нарығы - тұтынушыларды жылумен жабдықтауды жүзеге асыру үшін жылу энергиясын өндіруге, беруге қатысушылардың шарттар негізіндегі өзара қатынастар жүйесі;»; «22) өңірлік электр желілік компания - энергия өндіруші ұйыммен және (немесе) ұлттық электр желісімен тікелей технологиялық байланысы бар, кернеуі төрт сыныптан (220, 110, 35, 20, 10 (6), 0,4 киловольт) кем емес электр берудің кабельдік немесе әуе желілерін иеленетін, өңірлік деңгейдегі электр желілерін пайдаланатын және кемінде 10 000 қосылған тұтынушысы бар энергия беруші ұйым;»; «24-1) технологиялық бронь - үздіксіз технологиялық процесті аяқтау және адамдардың өмірі мен қоршаған ортаға қауіпті болғызбау үшін қажетті электр энергиясының ең аз шығысы (ең аз тұтыну қуаты) және уақыт ұзақтығы»;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |