ҚР Инвестициялар және даму министрінің Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2017 жылғы 14 қарашадағы № 249-нқбұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті Төрағасының 2015 жылғы 3 шілдедегі № 235-нқ бұйрығына 2-қосымша
Құрылыстағы үстеме шығындардың шамасын айқындау жөніндегі мемлекеттік норматив
1. Осы Құрылыстағы үстеме шығындардың шамасын айқындау жөніндегі мемлекеттік норматив (бұдан әрі - Мемлекеттік норматив) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнама талаптарына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасындағы құрылыстың сметалық құнын есептеу кезінде үстеме шығындардың шамасын айқындауға арналған. 2. Мемлекеттік нормативтің мақсаты мемлекеттік инвестициялар есебінен және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен тұрғызылатын объектілер үшін ағымдағы бағалардағы үстеме шығындардың шамасын айқындау жөніндегі бірыңғай әдістемелік негіз жасау болып табылады. 3. Мемлекеттік норматив сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіндегі заңнамаға сәйкес әзірленген және: 1) жалпы ережелерді; 2) үстеме шығындар нормаларын жіктеуді; 3) Үстеме шығындардың шамасы есебінің әдістемесін қамтиды. 4. Мемлекеттік норматив сметалық құжаттаманы әзірлеу кезінде жобалау ұйымдарының және мердігерлік жұмыстарды сатып алу бойынша конкурстарға қатысқанда баға ұсыныстарын жасау кезінде мердігерлік ұйымдардың үстеме шығындарының шамасын айқындауына арналған. 5. Осы Мемлекеттік нормативте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) құрылыс алаңы - ұйымдық оқшауланған учаскені білдіретен жоба бойынша белгілі бір объектінің немесе объектілер кешенінің құрылысы үшін бөлінген аумақ; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|