«Асыл тұқымдық кітап жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 6 маусымдағы № 3-2/288 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 28 шілдедегі № 318 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Асыл тұқымдық кітап жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 6 маусымдағы № 3-2/288 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік-құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9577 болып тіркелген, 2014 жылы 10 қазанда «Егемен Қазақстан» газетінің № 227 (28450) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Асыл тұқымдық кітапты жүргізу қағидаларында: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Асыл тұқымдық кітапты (бұдан әрі - АТК) жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 12) тармақшасына сәйкес әзірленді және асыл тұқымдық кітапты жүргізу тәртібін айқындайды.»; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Асыл тұқымды мал тұқымдары бойынша АТК-ны республикалық палаталар (бұдан әрі - Палата) жүргізеді және басып шығарады.»; 13, 14, 15, 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «13. АТК енгізу үшін асыл тұқымды малдарды іріктеу нәтижелері бойынша мал иесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша АТК енгізуге арналған малдар тізбесін жасайды. Асыл тұқымды малдың иесі асыл тұқымды малдардың тізбесін Палатаға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен бірге жолдайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|