Ведомстволық статистикалық байқаулардың нысандарын бекіту туралы (2024.03.05. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2024 жылғы 18 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 2-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамыту туралы есеп» (индексі 1-ФК, кезеңділігі жылдық) ведомстволық статистикалық байқаудың нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін. 2. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі әзірлеген ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысаны мен оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 17 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24224 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 3) осы тармақпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шараның орындалуы туралы мәлімет ұсынуды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|