Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Төрағасының 2014 жылғы 15 қарашадағы № 38 бұйрығына 1-қосымша
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының 2019.25.09. № 245 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2020.06.03. № 59 бұйрығымен (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Нұр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлар департаменті «Алматы» ауданының төтенше жағдайлар басқармасы туралы ереже (2020.06.03. берілген өзгерістермен)
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының 2019.25.09. № 245 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2020.06.03. № 59 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Нұр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлар департаменті «Алматы» ауданының төтенше жағдайлар басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) Нұр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлар департаментіне (бұдан әрі - Департамент) тікелей бағынатын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің (бұдан әрі - Комитет) аумақтық бөлімшесі болып табылады. 2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің, Комитет төрағасының және Департамент бастығының бұйрықтарына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өзінің атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері болады. 4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|