Осы редакция 2018 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Білім және ғылым министрінің 2017.08.12. № 610 бұйрығымен стратегиялық жоспары жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 729 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспары (2018.07.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-бөлім. Миссиясы мен пайымы
Миссиясы: білім беру және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына ену үшін ұлттық интеллектуалдық әлеуетін жетерліктей дамытуды қамтамасыз ететін «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы рухында өскелең ұрпақты тәрбиелеу. Пайымы: Қазақстан экономикасының дамуының негізгі драйвері ретінде тиімді қызмет етуші және әлемдік ғылыми-білім беру кеңістігіне кіріктірілген, республиканың әрбір азаматының өзінің еліне мақтаныш сезімін дамытуға ықпал ететін білім беру мен ғылымның озық жүйесі.
2-бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау және тәуекелдерді басқару
1-стратегиялық бағыт. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту. 1.1) Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері. Қазақстанда білім беру саясатының басты бағыттарының бірі мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту болып табылады. 2016 жылы 9 410 мектепке дейінгі ұйым қызмет етті. 2014 жылдан бастап мектепке дейінгі ұйымдар желісі 943 бірлікке артты (2014 жылы - 8 467 бірлік, 2015 жылы - 8 834 бірлік). Соңғы үш жылда 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамту 52,3%-дан 64,5%-ға артты, өсім 12,2% құрады (2014-2015 оқу жылы - 52,3%, 2015-2016 оқу жылы - 53,8%, 2016-2017 оқу жылы - 64,5%), 3 жастан 6 жасқа дейін 78,6%-дан 85,8%-ға дейін артты (2014-2015 оқу жылында - 78,6%, 2015-2016 оқу жылында - 81,6%, 2016-2017 оқу жылында - 85,8%), өсім 7,2%-ды құрады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|