|
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 12 қаңтардағы № 26 бұйрығымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 шілдедегі № 839 бұйрығына 2-қосымша
«Маркетингтік зерттеулер бойынша көрсетілетін қызметтерді төлеуге шығындардың бір бөлігін өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. «Маркетингтік зерттеулер бойынша көрсетілетін қызметтерді төлеуге шығындардың бір бөлігін өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - 49 (қырық тоғыз) жұмыс күні; 2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут; 3) қызмет көрсету үшін рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут. Көрсетілетін қызметті беруші екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдаған сәттен бастап ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісін анықтаған кезде көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша түрде дәлелді бас тартады. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - маркетингтік зерттеулер бойынша көрсетілетін қызметтерді төлеуге шығындардың бір бөлігін өтеу жөніндегі келісім. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|