«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы
1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 193-1-бабына, «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы оған «ҚазМұнайГаз - қайта өңдеу және маркетинг» акционерлік қоғамын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын. 2. «ҚазМұнайГаз - қайта өңдеу және маркетинг» акционерлік қоғамына «Trade house KazMunaiGaz N. V.» акциялар пакетінің 100 %-ын, «Valsera Holdings B.V.» акциялар пакетінің 50 %-ын, «PetroKazakhstan Oil Products» ЖШС қатысу үлесінің 49,7 %-ын, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС қатысу үлесінің 99,53619433 %-ын «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының пайдасына иеліктен шығаруға рұқсат берілсін. 3. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қажетті іс-шараларды орындасын және осы қаулының 1-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын. 4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер және толықтыру енгізілсін: 1) «Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздеріне қатысты меншіктің мемлекеттік мониторингі жүзеге асырылатын объектілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 шілдедегі № 810 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 28, 377-құжат): Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|