Осы редакция 2016 жылғы 6 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 21 қазандағы № 280 қаулысымен бекітілген
«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі жүзеге асырады. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: грант беру туралы шарт. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) құжаттарының болуы негіздеме болып табылады. 5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесінің құрамына кiретiн рәсiмдердің (iс-қимылдардың) мазмұны, орындалу ұзақтығы: 1-іс-қимыл - аудан немесе облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының (бұдан әрі - аудан немесе облыстық маңызы бар қаланың ЖАО) кеңсесі көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын қабылдауды және тіркеуді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 11181) бұйрығымен бекітілген «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес жүзеге асырады. Орындалу ұзақтығы - 20 (жиырма) минут; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|