Осы редакция 2019 жылғы 11 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қостанай облысы әкімдігінің 2016.03.05. № 214 Қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 21 қыркүйектегі № 396 қаулысымен бекітілген
«Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (2018.26.11. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
Қостанай облысы әкімдігінің 2018.26.11. № 515 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) денсаулық сақтау ұйымдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру: 1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация); 2) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады. 2. Көрсетілетін мемлекеттiк қызметтің нысаны: қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: Мемлекеттік корпорацияда - диспансерлік есепте тұрғаны/тұрмағаны туралы анықтаманы беру; денсаулық сақтау ұйымдарында - диспансерлік есепте тұрғаны/тұрмағаны туралы анықтаманы беру. Анықтама Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11304 болып тіркелген) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша психиатр-дәрігер мен медициналық тіркеуші қол қойған және анықтаманы берген дәрігердің және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен расталған, Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсетуді тіркеу журналында анықтаманы тіркей отырып беріледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|