Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдаудың (жалға берудің) үлгілік шартын бекіту туралы» 2015 жылғы 17 наурыздағы № 211 және «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдаудың (жалға берудің) үлгілік шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 211 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10479 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 74-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдаудың (жалға берудің) үлгілік шартында: 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «7. Жалға берушінің: 1) баланс ұстаушымен келісу бойынша жалдаушыға объектіні, онда орналасқан желілер мен коммуникацияларды қайта жоспарлауға немесе қайта жабдықтауға және қосалқы жалға беруге жазбаша рұқсат беруге; 2) жалдау ақысының уақтылы және толық аударылуын бақылауды жүзеге асыруға; 3) жалдау ақысының уақтылы енгізілмегені үшін өсімпұл есептеуге; 4) тараптардың келісуі бойынша шарттың мерзімін ұзартуға, шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізуге немесе оны бұзуға; 5) объектінің мақсатты пайдаланылуына мониторингті жүзеге асыруға құқығы бар.»; мынадай мазмұндағы 6-1-тараумен толықтырылсын: «6-1. Форс-мажор Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|