«Республикалық бюджет комиссиясы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 қаңтардағы № 10 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Республикалық бюджет комиссиясы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 қаңтардағы № 10 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджет комиссиясы туралы ережеде: 1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «1-тарау. Жалпы ережелер»; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі (бұдан әрі – Бюджет кодексі), Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері, сондай-ақ осы Ереже Комиссия қызметінің құқықтық негізін құрайды.»; 2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «2-тарау. Комиссия қызметінің мақсаттары»; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Комиссия қызметінің негізгі мақсаты жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджеттің жобасын уақтылы және сапалы әзірлеуді қамтамасыз ету және республикалық бюджетті нақтылау, түзету және атқару жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.»; 3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «3-тарау. Комиссияның міндеттері мен функциялары»; 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Комиссияның негізгі міндеттері: 1) республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы жөнінде ұсыныстар әзірлеу; 2) мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының басым мақсаттары және республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының бағыттары бойынша ұсыныстар тұжырымдау; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|