Алматы қаласы әкімдігінің 2018.21.05. № 2/216 Қаулысымен мемлекеттік қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 24 шілдедегі № 3/470 қаулысымен бекітілген
Алматы қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 4/602 Қаулысымен күші жойылды
«Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - қызмет беруші) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 147 бұйрығымен бекітілген «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру қызмет берушінің кеңсесімен жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде. 3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтің нәтижесi - Стандарттың 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша миссионерді тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе Стандарттың 10 тармағында көзделген себептер және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
4. Қызмет алушының (немесе сенімхат бойынша оның өкілінің) Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішін және Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қызмет алушы құжаттарының болуы қызмет көрсету рәсімін (іс-қимылын) бастауға негіздеме болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|