«Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 7-1/86 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 7-1/86 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10414 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын: «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 46-22) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларында: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «1-тарау. Жалпы ережелер»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 46-22) тармақшасына сәйкес әзірленді және шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау тәртібін анықтайды.»; тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «2-тарау. Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу тәртібі»; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу туралы ұсынысы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 7-1/618 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10021 болып тіркелген) Эпизоотиялық мониторинг жүргізу қағидаларына қосымшаға сәйкес нысан бойынша эпизоотологиялық зерттеу актісін алған сәттен бастап бір күн ішінде: шектеу іс-шараларын немесе карантинді белгілеу енгізілетін әкімшілік-аумақтық бірлікті; шектеу іс-шараларын немесе карантинді белгілеу себептерін (аурудың атауын), жануардың түрін көрсете отырып, ерікті нысанда жазбаша түрде ресімделеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|